Өтетін орны: Қарағанды, Бұқар жырау даңқы, 27, Сәкен Сейфуллин атындағы театр
Спектакль авторы: О. Бөкей
Қоюшы режиссері: А.Салбанов
Ұзақтығы: 90 мин
Жанры: драма
Жас шектеуі: 7+
Қосымша:
Неге біз осы..? Адам баласының өзіне де, өзгеге де күніне сан рет қоятын, жауабы жоқ сұрағы бұл! Аралар жасай алған бір-біріне мейірімді, бауырмал қоғамдық өмірдің деңгейіне жете алмай жүрген адамдар қоғамындағы адамгершілік болмыс алаңдатып, күйкі тірлік шаршатқан Таған тәрізді кейіпкер мына адамдар менің білгенімнің ең болмаса, 5 пайызын білсе ғой деп армандайды. Сонда әлем өзгеше, біздің өміріміз де басқаша болар еді деп ойлайды.
Оралхан Бөкейдің «Атау-кере» повесіндегі әр кейіпкердің қаймағы бұзылмаған таза табиғат аясындағы іс-әрекеттері арқылы оның ішкі жұмбақ әлеміне бойлап, тұлғасын тани түсесіз.
Енді бірде Таған ұдайы мазасын алған «Неге біз осы?» деген сауалға жауап тапқандай болады. Осылайша, адамдық түп-тамырына қайта оралған Тағанға Табиғат ана құшағын жаяды.
«Атау-керек» қойылымы-дүниені бүлдіретін құлағы бар саңыраулардан, жанары бар соқырлардан сақтасын деген ойға жетелейді.
Сіз де, қымбатты көрермен, «іздеген жетер - мұратқа» дегендей, «Неге біз осы» деген сауалдың жауабын іздеп көріңіз.