Мекен-жайы: Қарағанды, Бұқар жырау даңғылы, 27, Сәкен Сейфуллин атындағы театр

Автор: М.Задорнов 

Премьера күні:

Режиссёр: А.Қырықбаев

Қоюшы суретшісі:  Қ.Мақсұтов

Жанр: Комедия

Жас санаты: 

Қосымша:

 

 

Бұл комедия бүгінгі күннің тақырыбына арналған. Көтерген әлеуметтік мәселесі отбасындағы ерлі-зайыптылардың күйкі тіршілігі мен өмірге тереңдеп мән бермейтін шолақ ойлы, жеңіл жүрісті жастардың көзқарасы баяндалады.

Оқиға желісі жеңіл болып көрінгенімен астарлап ойлаған жанға айтары мен тәлім-тәрбиелік мәні зор. Көншілік қауымға арналған. Әсіресе, өмірге жеңіл қарайтын жастардың болашағына дұрыс жол сілтеп, отбасының бірлігі ерлі-зайыптылардың екеуіне де байланысты екендігін еске салады. Ол үшін махаббат атты құдіретті қадірлеп, сезімді аялап, бір-біріне деген сүйіспеншіліктің алар орыны ерекше екендігін безбендеп, айшықтап береді. Жеңіл сезім, ұшқары ой, үстірт қимыл орға жығып, опа бермейтініне көз жеткізіп, көрерменді күлдіріп отырып ойландырып, тереңге жетелейді.