Автор: Ш. Айтматов

Режиссёр: Т. Теменов

Премьера күні: 18-19 маусым, 2021 жыл

Жанр: лирикалық драма

Жас санаты

Ұзақтығы:

Қосымша:

 

 

 

 

Қырғыз халқын күллі әлемге танытқан, адамзаттың Айтматовы атанған Шыңғыс Айтматовтың қалам тербеуге негіз болған махаббат тақырыбы әрқашан да өміршең. Ойда-жоқта кездесуден басталған таныстық үлкен махаббатқа ұласады. Шың басындағы шынарға ұқсатқан, ақ жүрегінің құрбаны болуға даяр Әселінен Ілиясты алыстатқан нендей сиқыр, нендей құдірет? Қойылымда сезім мен намыс сынға түсіп, «бастарына бейуақ бақытсыздық орнаған» жандардың өмірі баяндалады. Өмірде бір ғана жасалған ағаттықтың бағасы қандай болмақ? Әсел Нуриденнің сиқырын қайтарған Шолпандай бола ала ма?

Сүйіспеншілік, адалдық, сыйластық, достық, көре алмаушылық, жауапкершілік, қамқорлық сынды тақырыптар қозғалатын лирикалық драмада нәзік сезім, ішкі мұң жатыр. Спектакль өмірдегі ұмытылмас, жүректің түкпірінде терең сақталған қимас махаббатты әспеттейді.